БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫ – ӨРТТІҢ СЕБЕБІ!

БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙНАУЫ – ӨРТТІҢ СЕБЕБІ!

Балалардың отпен ойнауы салдарынан болатын өрттер, өкінішке қарай, жиі кездеседі. Мұндай өрттердің соңы өте қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Көптеген балалар отқа қызығады, бірақ оның қаншалықты қауіпті екенін толық түсінбейді.3 пен 5 жас аралығында олар ересектерге еліктеп, бәрін өз бетінше жасап көруге тырысады, әсіресе үйде жалғыз қалғанда.

Өрттің балалардың отпен ойнауынан болдырмау үшін не істеу керек:

  •  Балаға жастайынан қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз.
  •  Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы үлгі болыңыз.
  •  Сіріңке, оттық, тұрмыстық химия мен дәрі-дәрмектерді балалар қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
  •  Балаларға пеш жағуды, плитаны қосуды немесе электр құрылғыларын пайдалануды тапсырмаңыз.
  •  Кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
  •  Баланың бос уақытын пайдалы әрі қауіпсіз етіп ұйымдастырыңыз.
  •  Баланы өрт болған жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретіңіз.

Бала нені білуі тиіс:

Өртті немесе оның белгілерін (түтін, күйік иісі, ыстық) байқаса:

  1. Дереу үй-жайды тастап шығу.
  2. Ересектерге хабарлау немесе құтқару қызметіне қоңырау шалу:
    ☎ 101 немесе 112.
  • Мыналарды айту:
    не жанып жатқанын,
  • өрттің қай жерде екенін (дәл мекенжайын),
  • өзінің аты-жөнін.

Құрметті ата-аналар! Сіздің қамқорлығыңыз бен қырағылығыңыз ғана өрттің алдын алып, үйіңізді, мүлкіңізді және ең қымбаттысы – балаңыздың өмірін сақтап қала алады.

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ