Зайсан ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті

Зайсан ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті

2025 жылдың мамыр айында Зайсан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлттық спорт – бәйге жарысы ұйымдастырылды. Аудан көлемінде өткізілген дүбірлі додада Зайсан ауданы әкімінің жүлдесі сарапқа салынып, өңірдің шабандоздары мен бапкерлері бақ сынады.

Тай жарысы (5 км)
Бұл жарысқа 8 шабандоз қатысты.
1 орын – Қанатұлы Айбар. Ат иесі – Мұхамадиев Бекболат, бапкері – Шаймұратов Тұрсын (Қаратал ауылы).
2 орын – Манарбекұлы Қыдырәлі. Ат иесі және бапкері – Рахымұлы Манарбек (Зайсан қаласы).
3 орын – Ақжол атты тұлпар. Ат иесі және бапкері – Рахымұлы Манарбек (Зайсан қаласы).

Құнан бәйге (7,5 км)
Жарысқа 5 шабандоз қатысты.
1 орын – Манарбекұлы Қыдырәлі. Ат иесі және бапкері – Захаров Асет (Зайсан қаласы).
2 орын – Мәнетұлы Ғибадат. Ат иесі және бапкері – Қазез Мәйтәй (Қарабұлақ ауылы).
3 орын – Болатбек Расұл. Ат иесі – Ажықановтар әулеті, бапкері – Ажықанов Санжар (Хайсан қаласы).

Топ бәйге (15 км)
Бұл сайысқа 15 шабандоз қатысты.
1 орын – Жұмақанов Ислам. Ат иесі және бапкері – Төкенов Дәурен (Зайсан қаласы).
2 орын – Ерболұлы Жақсылық. Ат иесі – Солтанов Алмас, бапкері – Әдешов Кенжебек (Қарабұлақ ауылы).
3 орын – Манарбекұлы Қыдырәлі. Ат иесі және бапкері – Рахымұлы Манарбек (Зайсан қаласы).

Аламан бәйге (25 км)
Аламанға 6 шабандоз қатысты.
1 орын – Айдосұлы Олжас. Ат иесі – Камек Алмас, бапкері – Сатархан Ұйымбол (Біржан ауылы).
2 орын – Мейрамхан Жанбош. Ат иесі және бапкері – Ажықанов Санжар (Зайсан қаласы).
3 орын – Қанатұлы Айбар. Ат иесі және бапкері – Мұхамадиев Бекболат (Қаратал ауылы).

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара – ұлттық спортты дәріптеуге, ата-бабалар рухына тағзым етуге және жас ұрпаққа ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған айтулы оқиға болды.