Өскемен қаласында 04-07 қыркүйек аралығында өрт сөндіру бөлімшелерімен келесі мекенжайларда жануларды сөндіру жүзеге асырылды:

Өскемен қаласында 04-07 қыркүйек аралығында өрт сөндіру бөлімшелерімен келесі мекенжайларда жануларды сөндіру жүзеге асырылды:

Өскемен қаласында 04-07 қыркүйек аралығында өрт сөндіру бөлімшелерімен келесі мекенжайларда жануларды сөндіру жүзеге асырылды:

4 қыркүйекте 19 сағат 47 минутта Қабанбай батыр көшесі бойындағы пәтерде үй иесі плитада тамақты қалдырып кеткен, ол тұрғын үйдің алаңын қатты түтіндендірді. Оқиға орнына келіп жеткен МЖ қызметкерлері қарапайым құралмен кіре беріс есікті бұзды. Түтін шығаруды жүргізді.

4 қыркүйекте 22 сағат 19 минутта Қазақстан көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үйде алаңы 1 шаршы метр болатын қоқыс салғыш контейнердегі қоқыс жанды. №6 ӨСБ өрт сөндірушілері жануды жойды.

5 қыркүйекте 13 сағат 44 минутта М. Горький көшесіндегі 2 қабатты үйдің, бірінші қабатындағы пәтерде алаңы 2 шаршы метр болатын жихаздар, жеке киімдер, бөлу гипсокартоны жанды. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда: отпен абайсыз болу.

6 қыркүйекте 5 сағат 20 минутта Өскемен қаласының отпен күресушілері Затаевич көшесіндегі монша кешеніндегі жануды жойды. От бүгін сағат таңғы 5 шамасында қыздырыну бөлімшесінде тұтанды. Жихаздар, қыздырыну жайы мен демалу бөлмесінің қаптары жанды. Құтқарушылар бөлімшесі келген кезде от алаңы 100 шаршы метрге тарап кеткен еді. Жанған жайда адамдар болған жоқ, оқиға туралы «101» қызметіне нысанның әкімгері мен күзетшісі хабарлады. Құрамында 8 бірлік техникасы мен 27 адам жеке құрамы бар отпен күресушілердің сауатты және жедел қимылы 6 сағат 37 минутта өртті жоюға мүмкіндік берді. Өрт себебі бойынша электр құрылғысының авариялық режимі версиясы қарастырылуда.

7 қыркүйекте 5 сағат 04 минутта «Родничок» саяжай қоғамының аумағында Десятая көшесінде жалпы алаңы 24 шаршы метр болатын, шаруашылық құрылысының ағаш құрылғысы, бір блокта орналасқан монша, сонымен қатар 2,5 куб.м ағаштар жанды. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда: 1. Жылыту пештерін құрған және қолданған кезде ӨҚҚБ; 2. Отпен абайсыз болу.

Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау және объектіде және үйде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықтарды уақтылы жою қажеттігін ескертеді.

Өрт туындаған кезде:

  • 101 немесе 112 телефоны бойынша өрт сөндіру қызметін шақырыңыз;
  • олар келгенге дейін мүліктерді және адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырыңыз;
  • қолда бар құралдармен өртті сөндіруге шара қолданыңыз;
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті көрсетіңіз.

 

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты