
Достық үйінің қызметкерлері «Преданное сердце» қоғамдық бірлестігінің жануарлар панасына арнайы барып, оларға арналған азық жеткізді. Сондай-ақ, қамқорлыққа алынған жануарлармен фотосессия ұйымдастырылып, олардың өміріне назар аудару мақсатында ерекше сәттер түсірілді.
Бұл акция – мейірімділік пен жанашырлықтың көрінісі.