Достық үйінде татар этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Каз омесе» атты мерекелік іс-шара өтті.

Достық үйінде татар этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Каз омесе» атты мерекелік іс-шара өтті.

Кеш барысында қатысушылар татар халқының ұлттық әуендері мен билерін тамашалап, мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Шарада дәстүрлі татар тағамдары ұсынылып, татар халқының тарихы туралы танымдық баяндамалар оқылды.

Іс-шара достық пен татулықты нығайтуға арналған ерекше алаңға айналды. Қонақтар рухани азық алып, түрлі ұлт өкілдері арасындағы сыйластық пен түсіністіктің маңыздылығын сезінді.