«ZHAS PROJECT» шағын гранттар байқауы

«ZHAS PROJECT» шағын гранттар байқауы

«ZHAS PROJECT» шағын гранттар байқауы
Мақсаты – Шығыс Қазақстан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру.
Шағын гранттардың жалпы сомасы 14 млн. теңгені құрайды. Конкурс аясында 14 жеңімпаз анықталады, олар 1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға грант алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер барлық көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:
- өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс;
- өтінім берген кезде өтініш берушінің жасы 18-ден 35 жасқа дейін (34 жасты қоса алғанда) болуы тиіс (ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 1-бабына сәйкес 35 жасқа толған қазақстандықтар жастар болып табылмайды);
- өтінім беруші өтінім берген сәтте өңірдің аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс;
- өтінім беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар (жұмыспен қамту саласынан тыс) мәртебесінде болуға тиіс.
Өтінім беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алады.
Өтінімдер 2024 жылғы 25 наурыздан бастап 2024 жылғы 25 сәуір 23:59 сағатқа дейін қабылданады.