Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен XІІІ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогіне арналған республикалық «Ertis Nomad» лигасының жартылай финалдық «Jaidarman» ойыны өтті.
Фестивальдің басты мақсаты: шығармашыл жастарға қолдау көрсету, жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттау, жастарды рухани дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Фестивальге жайдарман ойындарының Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Семей, Абай облысы және Өскемен қалаларының командалары қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен үздік болып танылған командалар:
1 орын - Шығыс Қазақстан облысы әкімнің кубогына ие болған - «Қыздарски» командасы, Семей қаласы 200 000 теңге
2 орын - «101 түн», Астана қаласы 100 000 теңге
3 орын - «Сапашев», Павлодар қаласы 50 000 теңге жүлделі орынға ие болды.
"Үздік ойыншы" аталымының иегері Оралғазин Дастан, Риддер қаласы 50 000 теңге