Ұлттық домыра күні

Ұлттық домыра күні

Домбыра күніне орай...

Баршаңызды халқымыздың жанымен, ділі, тілі және тарихымен бірге жасап келе жатқан Домбыра күнімен құттықтаймыз!

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра ...» деп ақындар жырлаған киелі мұрамыздың үні баршамыздың жанымызды тебірентіп, рухымызды асқақтататыны анық. Қазақ қайда болса, домбыра да сонда.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін, бітім-болмысын, сан ғасыр бұрын өткен ата-баба үнін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан, әрбір үйдің төріндегі қасиетті қара домбыра еліміздің берекесі-бірлігінің  жаршысындай болып мың жасай берсін құрметті ағайын!

Домбыра үні ұлтымызды ұлы істерге бастап, Қазақ елінің айбынын асырып, абырой- мәртебесін биіктете берсін!