Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл ел» жобасы іске асырылуда
Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылдан «Жасыл ел» қозғалысы мыңдаған жастардың басын біріктіріп, ауқымды жұмыстарды атқарып келеді.
Бағдарламаға қатысқан әрбір жас табиғатты қорғауды, экологияны сақтауды ғана емес, еңбекке баулу арқылы Отанға адал қызмет етуді үйренеді.
Негізгі мақсат жастардың жазғы демасыс уақытын бос өткізбеу, экологияға деген тазалық, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту. Жалпы еңбек маусымында 16 жас пен 35 жас аралығындағы азаматтар мен азаматшалар жұмыс атқара алады. Биылғы XIX жазғы еңбек маусымында Шығыс Қазақстан облысы бойынша 11 қала мен ауданда «Жасыл ел» жобасы аясында 1 000 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.
Қазіргі уақытта облыс көлемінде 309 сарбаз жұмыс атқаруда.
Жобаға қатысушы жас сарбазға жалақы (95 мың теңге) төленіп, арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі.
Жастарды еңбекпен қамту жұмыстары жалғасуда.