ХІХ ЕҢБЕК МАУСЫМЫ АШЫҚ
ШҚО Қоғамдық даму басқармасының 《Жастар ресурстық орталығы 》КММ мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабы» жеке меншік мекемесі ШҚО филиалы бірлесіп «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XІХ еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімін Таулы Үлбі 《Дарын》лагерінде ұйымдастырды.
Шараға ШҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы, жұмыс берушілер, жас сарбаздар, жастар ресурстық орталытарының басшылары және де ШҚО Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қатысты. Іс-шара бірнеше бағдарлама бойынша жүзеге асырылды:.
1. «Жасыл Ел» туын ресми көтеру рәсімі
2. Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл ел» жобасын іске асыру туралы жұмыс отырысы
3. Төтенше жағдайлар басқармасының арнайы шарасы:
1) Ашылу салтанатының қатысушылары соңғы кездегі ахуал - тілсіз жауды сөндіру жұмыстарымен танысты.
2) Демі тарылған мұқтажға алғашқы көмек көрсету тәсілімен танысты
4 Жастардың гүл отырғызу акциясымен аяқталды.
Алдағы таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша 11 қала мен ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1 000 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.