IX облыстық дәстүрлі
«Студенттік көктем-2023» фестивалінің
қорытындысы
2023 жылғы 25 мамыр Өскемен қаласында IX облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2023» фестивалі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттердің қоғамдағы белсенділігін және мәдени-шығармашылық әлеуетін арттыру, орындаушылық шеберлігін шыңдау, дарынды студенттерді қолдау, облыстағы оқу орындардың кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстарын жандандыру.
Фестиваль сағат 13.00-де Ертіс концертте өңірдегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының кәсіби бағдар беру алаңдарының жұмыстарымен басталды.
Осы күні altaynews.kz ресми сайтта онлайн дауыс беру арқылы «Жастар таңдауы» аталымы бойынша үздік жоғары оқу орны анықталды.
Іс-шараны сағат 18.00-де Ертіс концерт залында IX облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2023» фестивалінің Гала-концертімен аяқталды.
Үздік студенттік шығармашылық ұжымдар 5 аталым бойынша марапатталды:
- Техникалық және кәсіптік білім беру арасындағы «Үздік кәсіби алаң» - Өскемен жоғары медициналық колледжі;
шығармашылық бағдарлама» - Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;
- «Жастар таңдауы» (altaynews.kz онлайын дауыс беру арқылы) - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
- ЖОО арасындағы «Үздік кәсіби алаң» - Қазақстан-Американдық еркін университеті;
- Демеушілік танытқан «КазЦинк» ЖШС қолдауымен арнайы наминация «Үздік шығармашылық бағдарлама» - Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;.
- «Студенттік көктем – 2023» жеңімпазы және арнайы Кубок иегері - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті;
Барлық студент жастардың атынан «Студенттік көктем - 2023» фестивальдің маңыздылығын ескере отырып, жастарға үлкен қолдау көрсеткен «КазЦинк» ЖШС бас демеушіге алғысымызды білдіреміз!