Тағылымды әңгіме өтті

Тағылымды әңгіме өтті

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде ШҚО ішкі саясат басқармасында әдеп жөніндегі уәкілдің бастамасымен  басқарма қызметкерлерінің  көп жылдар мемлекеттік қызметте болып, жоғары лауазымдар атқарған, бүгінгі күні «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының үйлестірушісі болып табылатын Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджановпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге басқарма қызметкерлерімен қатар, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбек және аппарат қызметкерлері қатысты.

Сұхбат түрінде өрбіген әңгіме барысында Манарбек Әзімбекұлы өзінің көпжылғы  өмірлік және  қызметтік тәжірибесімен бөлісті. Қызмет барысында кездескен қиындықтар туралы  баяндап және оларды қалай жеңе білгенін әңгімелеп берді. Бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің бойында қандай кәсіби және адамгершілік қасиеттердің болуы тиістігі туралы, сондай-ақ, ұлттық құндылықтар, қарапайым адами қасиеттер жайындағы өзінің ой-пікірін  ортаға салды. Әңгімесінің соңында жас мемлекеттік қызметшілерге жұмыс қандай көп болса да, уақыт тауып қазақ классиктерінің шығармаларын оқып шығуға кеңес берді.

Кездесу барысында сөз алған ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбек мемлекеттік қызметшілерге жұмыс барысында және қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-қимылдар мен әрекеттерден аулақ болу, әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қоғам тарапынан орынды сынның туындауына әкелетін пікірлер жазу мен фотосуреттер орналастырудан бас тарту қажеттігін ескертті.

Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның                15-бабында айтылған  мүдделер қақтығысы  мәселесіне тоқталып, оның туындауына жол бермеу шаралары туралы түсініктеме берді.

Басқарма қызметкерлері мұндай тәлімді де пайдалы кездесулерді мүмкіндігінше жиірек ұйымдастыруды қалайтындықтарын  білдірді.