Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 29 қарашада сағат 11.00-де...

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 29 қарашада сағат 11.00-де...

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 29 қарашада сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. "ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология Департаменті" РММ жұмысы туралы ақпаратты тыңдау.
  2.    Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:

 

 1) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №44/495-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;

2) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін  реттеу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/116-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;

 

3) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері туралы» шешім жобасы;

4) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;

5) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасы.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 87718516274

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/documents

http://www.maslihatvko.gov.kz