Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 8 қарашада сағат 12.00-де Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 8 қарашада сағат 12.00-де Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 8 қарашада сағат 12.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Шығыс Қазақстан облысы полиция Департаменті басшысының жұмыс нәтижелері туралы есебін тыңдау.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:
1) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №44/495-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;
2) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2018 жылғы 13 қарашадағы № 330 «Шығыс Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы;
3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Аягөз ауданындағы «KAZ Minerals Aktogay» (ҚАЗ Минералз Ақтоғай) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін Жүзағаш жер асты сулары кен орнының санитариялық қорғау аймағын белгілеу туралы» қаулы жобасы;
4) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021 жылғы 9 сәуірдегі №97
«2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың
1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;
5) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар,субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
6) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
7) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021 жылғы 1 сәуірдегі № 94 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;
8) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021 жылғы 16 наурыздағы № 77 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;
9) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;
10) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 195 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы;
11) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулы жобасы.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 87718516274

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/documents

http://www.maslihatvko.gov.kz