Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 1 наурызда сағат 12.00-де...

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 1 наурызда сағат 12.00-де...

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 1 наурызда сағат 12.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №44/495-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 34/401-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» бірлескен шешімі мен қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 199 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы.
  1. Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу.

 

 

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 87751742644

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:

 https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/documents

http://www.maslihatvko.gov.kz