«Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі»

«Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі»

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры (Өскемен қ.) Канадалық Жергілікті Бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі» жобасын тәмамдады.

Жобаның негізгі мақсаты әйелдердің жеткілікті өмір сүру деңгейіне (еңбек құқықтарын, әлеуметтік қамсыздандыру құқығын, кәсіпкерлікті қоса алғанда) өз құқықтарын іске асыру бойынша мүмкіндіктерін кеңейту, жасөспірімдік жастан бастап ауыр өмірлік жағдайлардың туындау тәуекелдерінің алдын алу болатын.

Жобаны іске асыру уақыты  оңай емес кезеңге тап келді, атап айтқанда пандемия және бірқатар шектеулер іс-шаралары кезеңіне (қашықтықтан жұмыс істеу және оқу, елді мекендер ішінде және олардың арасында жүріп-тұруға шектеулер, қатаң бетперде режимі, қоғамдық тамақтану орындарын, демалыс және ойын-сауық мекемелерін жабу және т.б.) дөп түсті.

Пандемиядан туындаған экономикалық және әлеуметтік шиеленіс пен аймақтардағы және бүкіл елдегі халықтың қозғалысын шектеу бірлесіп, барлық адамдарға, әсіресе әлжуаз топтағы адамдарға, соның ішінде әйелдер мен қыздарға, мүгедек адамдарға, қарттарға және т. б. әсер етті.

Бірақ біз жоспарлағанның БӘРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫҚ деп нық сеніммен айта аламыз!

 Кейбір садар мен фактілер:

  • «Әлеуметтік калькулятор» онлайн-сервисі әзірленді. Оның қызметтерін қазірдің өзінде 1000-ға жуық адам пайдаланды. Сервис мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://calc.zubr-consulting.kz/
  • Орталық мемлекеттік органдардың атына келіп түскен сұрау салуларға және оларға ресми жауаптарға талдау жүргізілді. Жүргізілген жұмыс негізінде жобалық команда бейінді мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар пакетін дайындады.
  • Жобаның мақсатты топтары үшін келесі тақырыптар бойынша 4 оқыту іс – шарасы өткізілді: «Жеке қаржылық сауаттылық - экономикалық қауіпсіздік», «Soft Skills-құзыреттері: жеке даму жоспары», «Әлеуметтік кәсіпкерлік», «Құқықтық сауаттылық». Оқыту іс-шараларының бейнежазбаларын YouTube хостингінде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) көруге болады.
  • Жұмыстың заманауи кәсіби бағыттары бойынша 5 шеберлік сыныптары ұйымдастырылып,  өткізілді. Жобаның мақсатты тобы өкілдерінің шеберлік сабақтарына шынайы қызығушылығын ерекше атап өткен жөн. Іс-шараның форматы табысты жобалар мен бизнес-бағыттардың нақты мысалдарын, коммерцияландыру бойынша қадамдарды, ілгерілету  мен өткізу мәселелерін көрсетуге мүмкіндік берді.
  • Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша Гайд жасалды. Жинаққа сілтеме

Біз осымен тоқтап қалған жоқпыз... жоба ақпараттық және әдістемелік қолдауды қажет ететін адамдар үшін нақты пайда әкелуді жалғастыруда! Жоба өнімдері нақты, пайдалануға болатын және болашағы зор болып шықты!