Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облысынан 10 спортшы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Мемлекеттік наградаға ие болған спортшылар – халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің көк байрағын биікте желбіретіп жүрген Шығыс Қазақстанның үздік өкілдері.

Бұл марапат – спортшылардың табандылығы мен кәсіби шеберлігіне, сондай-ақ ел спортының дамуына қосқан елеулі үлесіне берілген жоғары баға.

Шығыс Қазақстан облысының спортшыларына жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!