Ұлан ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді.

Ұлан ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді.

 Ауданның одан әрі дамуы үшін берік негіз болатын салалар: ауыл шаруашылығы, өндеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнес пен жоғары туристік әлеуеті.

- Қазіргі уақытта Ұлан ауданында туристерді орналастыратын 25 орын тіркелген. Өткен жылы аудан 14,4 мың туристі қабылдады. Туристік инфрақұрылым жүйелі түрде дамытылып, жаңартылуда. Жазда Шалқар көлінде қалалық жағажай жұмыс істейді. Биыл демалушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жағажай аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Облыстық бюджет есебінен Донское ауылының маңында «Жасыл аймақ» эко-саябағын құру жобасы іске асырылуда. Бұл үшін 20 гектар жер учаскесі бөлінді.

Алмасай ауылында қазақ дәстүрлері, ұлттық мәдениет пен табиғат аясындағы демалысты үйлесімді ұштастыратын «Тұлпар» этно-ауылы бой көтеруде. ШҚО әкімі Ұлан ауданының әкіміне туризм және инвестициялар басқармасымен бірлесіп туристік аймақтар мен жағажайларды кешенді түрде абаттандыру жұмыстарын жалғастыру, туристік инфрақұрылымды дамытуға және жаңа туристік өнімдерді құруға инвестициялар тарту жұмыстарын жандандыру міндеттерін қойды.

- Аудандағы жол желісінің жалпы ұзындығы 700 шақырымды құрайды.
Биыл 121,4 шақырым жол мен көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Ұлан ауданында 45 елді мекеннің 39-ы немесе халықтың 98%-і  интернетпен қамтылған. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС лицензиялық міндеттемелерін орындау шеңберінде Алғабас ауылына 2027 жылдың соңына дейін интернет тарту жоспарланған.

Қалған 5 елді мекен үшін спутниктік технологияларды және жергілікті желілік шешімдерді пайдалануды қоса алғанда, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің балама нұсқалары қарастырылып жатыр.

- Ауданда мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 99,3%-ды құрайды. Дегенмен, 2 мен 3 жас аралығындағы 78 бала әлі де кезекте тұр, сондықтан қосымша орындар ашу жұмыстарын жалғастыру қажет.

Өткен жылы Жанұзақ ауылындағы негізгі мектепке оффтейк-келісімшартпен спорттық модуль салынды.
Тағы бір маңызды мәселе - педагог кадрлармен қамтамасыз ету жайы. Қазіргі таңда ауданда 22 мұғалім жетіспейді. Осы мәселені шешу мақсатында 8 жас маман тартылды. Нұрымбет Сақтағанов 2-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі қосымша орындарды құру және педагог кадрлардың тапшылығын азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

- Ауданда халыққа медициналық көмекті 33 денсаулық сақтау ұйымы көрсетеді. Жыл басынан бері қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім деңгейі 49%-ға, ал қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 3,5%-ға және туберкулезбен сырқаттанушылық 60%-ға төмендеді. Ауданның денсаулық сақтау мекемелері медициналық жабдықтармен 85%-ға қамтамасыз етілген.

- Ұланда 31 мәдениет және 226 спорт нысаны орналасқан. Өткен жылы Таврия ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Биыл Бозанбай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар «Багратион» шаруа қожалығының демеушілік қаражаты есебінен Привольное ауылындағы спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.