Жобаның басталуы туралы ақпарат

Жобаның басталуы туралы ақпарат

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры (Өскемен қ.) Канадалық Жергілікті Бастамалар Қорының қолдауымен «Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі» жобасын іске асыруды бастады.

Жобаның негізгі мақсаты әйелдердің жеткілікті өмір сүру деңгейіне (еңбек құқықтарын, әлеуметтік қамсыздандыру құқығын, кәсіпкерлікті қоса алғанда) өз құқықтарын іске асыру бойынша мүмкіндіктерін кеңейту, жасөспірімдік жастан бастап ауыр өмірлік жағдайлардың туындау тәуекелдерінің алдын алу   болып табылады.

Осы жоба туралы идея қайдан пайда болды?

 Әйелдердің өз бетінше табыс табудағы  еңбек құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру кезіндегі неғұрлым осал жағдайы, белгілі бір өмірлік жағдайларда одан сайын күрделене түседі: жүкті әйелдер, жас балалардың немесе мүгедек балалардың аналары, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар және т. б.

Мұндай әйелдер үшін жұмысқа шығуға объективті мүмкіндік болмағандықтан, мемлекеттен қандай қолдау алуға құқығы бар, қайда жүгінуге болатыны туралы да хабардар бола бермейді. Ал ҚР-дағы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі өтініш беру сипатына ие, яғни қолдау тек жүгінген жағдайда ғана көрсетіледі.

 Қаржылық жоспарлау дағдыларының болмауы (тіпті тұрмыстық деңгейде), жеке қаржылық шешімдердің тәуекелдерін бағалау, олар үшін жауапкершілікті ала алмау жағдайды нашарлатады. Тұрмыстық мәселелерге алаңдаған әйелдер тәуелсіз табысты ұйымдастырудың мүмкіндіктерін көрмейді.

Көбінесе әйелдер кез-келген жағдай туралы ол орын алғанға дейін  және тәуекелдерді азайтуға әлі  мүмкіндік бар кезде ойламайды. 

Қиын өмірлік жағдайда, қазіргі әлеуметтік-құқықтық ортада жүрген әйелдер жеткілікті өмір сүру деңгейіне өз құқықтарын толық көлемде іске асыра алмайды!  

Жоба кімдерге арналады?

  • Еңбекке жарамды әйелердер (оның ішінде ауылды жерде тұратын және өзін өзі асырап отырғандар), жүкті, бала күтімімен отырған әйелдер 
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы аналар
  • Баласын жалғыз өзі асырап отырған аналар
  • 16-жастан асқан қыздар

Сондай-ақ, осы мақсатты топтармен жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған ҮЕҰ, бастамашыл топтарға, жергілікті қауымдастық көшбасшыларына арналады.

Не істейміз?

  • Еңбек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге құқықтарды жүзеге асырудың заңнамалық шарттарын зерттейміз
  • «Әлеуметтік калькулятор» онлайн-қызметін жасап, оны тестілейміз
  • Келесі тақырыптық блоктар бойынша оқыту семинарларының қатарын өткіземіз: әмбебап біліктіліктер, құқықтық сауаттылық, әлеуметтік қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік
  • Бүгінгі таңдағы әлеуметтік қамтамасыз етуге құқықтар, тәуекелдер мен мүмкіндіктер және еңбек құқықтары бойынша Гайд шығарамыз

Мұнымен бітпейді…Біз сіздерді жобаның іс-шаралары туралы ақпараттандырып отырамыз!

Серіктестікке әзірміз!

Байланыс нөмірі:  8 776 473 44 88
Васильева Наталья
«ЗУБР» ӘКҚ кеңесшісі