Жоғары оқу орнымен Меморандум: кадрлық әлеуетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жоғары оқу орнымен Меморандум: кадрлық әлеуетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2026 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың негізгі мақсаты — университет түлектерін мемлекеттік қызметке тарту, жастар арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы өзара іс-қимылды дамыту.

Меморандумға қол қою мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды. Бұл өзара іс-қимыл жастардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуына қосымша мүмкіндіктер жасауға, студенттердің мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ тиімді, кәсіби және адал мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

«Аталған Меморандумға қол қою — ынтымақтастықты жай ғана ресми түрде бекіту емес, жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған маңызды қадам. Біз үшін жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік қызметті қоғамға қызмет етуге, өз білімі мен кәсіби әлеуетін іске асыруға берілген мүмкіндік ретінде қарастырғаны аса маңызды. Студенттер арасында әділеттілік, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құндылықтарын қалыптастыру ерекше мәнге ие. Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастығымыз өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға және кәсіби әрі ашық мемлекеттік аппаратты дамытуға үлес қосатынына сенімдімін», — деп атап өтті Департамент басшысы Е. Айқымбеков.