«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет - сөйлейтін азаматтар" теңгерімі жұмыс әдістерін ұдайы жақсарту, мамандардың біліктілігін және халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру арқылы қолдау табады. Инфографикадағы тренингтер, практикумдар, әдістемелік, нұсқаулық материалдар, бейнесабақтар, подкасттар - осының барлығы "ШҚО ішкі саясат басқармасы" ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "ТРИНТА" ЖҚ жобасы шеңберінде іске асырылуда.

  • Еститін мемлекетті дамыту мәселелерін бірлесіп талқылау да маңызды - ол нені білдіреді, ал тағы не пысықтауды талап етеді, қандай міндеттер бірінші кезекті болып табылады, қай жердегі жұмысты күшейту қажет. Осы мақсатта 30 қазанда еститін мемлекеттің аймақтық архитектурасын құру бойынша облыстық зертхана өткізілді.
  • Зертхана жұмысына Шығыс Қазақстан және басқа өңірлерден мемлекеттік, азаматтық сектор, ғылыми қоғамдастықтың 50-ден астам өкілдері қатысты.

Бірлескен талқылау қорытындысы бойынша тыңдаушы мемлекет архитектурасының жекелеген компоненттерінің, оның ішінде ШҚО бойынша тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленді, проблемалық аймақтар және халықтың әртүрлі санаттарымен ұсынылатын жұмыс форматтары белгіленді.

  • Зертхана аясында Шығыс Қазақстандағы билік органдары мен халықтың коммуникация арналарына практикалық талдау жасалды, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" негізгі қағидаттарын іске асыруға бағдарлана отырып, жұмысты жақсарту бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар берілді.

 

  • Зертханалық материалдарды алу және тақырып бойынша қосымша кеңестер алу үшін бізге электрондық пошта арқылы trinta-kz@mail.ru немесе телефон арқылы +7-777-765-47-74 бойынша жоба үйлестірушісі Анкобаева Жадыраға хабарласыңыз.

«ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «Еститін мемлекет  тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру және жергілікті деңгейде билік пен қоғам диалогын күшейту үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру»  жобасы шеңберінде «ТРИНТА» жеке қорының командасы.

#тринта #слышащее_государство #говорящие_граждане