Наурыз мерекесі аясында өткен ұлттық киімдер шеруіне шамамен 2000-ға жуық қонақ қатысты

Наурыз мерекесі аясында өткен ұлттық киімдер шеруіне шамамен 2000-ға жуық қонақ қатысты

Наурызнама онкүндігі аясында Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Біз – біртұтас Қазақстан халқы» атты ұлттық киім шеруі өтті.

Іс-шарада ұлттық рух пен сән салтанаты тоғысып, қазақтың дәстүрлі киімдері заманауи үлгіде көпшілік назарына ұсынылды. Сән сахнасында қазақы ою-өрнекпен безендірілген киімдер көрсетіліп, қолөнер шеберлерінің бірегей туындылары да көрерменге таныстырылды.
Кеш барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әсем ән мен күй мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық киіммен келген қатысушылар арасында арнайы байқау өтіп, «Ең дәстүрлі образ», «Ең креативті образ», «Отбасылық образ» және «Ең үздік балалар костюмі» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.
Мерекелік шараға 2 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.
Ұлттық сән мен заманауи үрдіс үйлескен бұл мерекелік кеш қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлап, Наурыз мейрамының көркін арттыра түсті.