«Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау»

«Заңды сыйлау – өзіңді сыйлау»

Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің (КТБЖ) студенттері арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған диалогтық алаң өтті. Іс-шараға спикер ретінде: ▪️ Прокуратура өкілдері. ▪️ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қатысты. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, есірткі және киберқылмыстың алдын алу, сондай-ақ экономикалық құқықбұзушылықтардың салдары жөнінде өзекті ақпараттар ұсынылды. Студенттер белсенділік танытып, мамандармен ашық форматта пікір алмасты.