ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ ӨТТІ

ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ ӨТТІ

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Тегін заң көмегі күні» акциясы өтті.

Шара аясында қала тұрғындары азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес алды. Акцияға әділет департаменті, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, жеке сот орындаушылар және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты. Мақсат — азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, заңды мүдделерін қорғау.