Ішкі саясат басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған қызметтік әдеп мәселелері бойынша семинар өтті.

Ішкі саясат басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған қызметтік әдеп мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық және этикалық мәдениетті арттыру, мемлекеттік қызметке деген сенімді нығайту, адал әрі жауапты мінез-құлықты қалыптастыру болды. Семинарды Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Бекқожина Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу барысында қызметтік мінез-құлық нормаларын сақтау, Әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ тәжірибеде кездесетін нақты жағдайлар талқыланды.

Семинарда баяндама жасаған Әдеп жөніндегі уәкіл М. Бекқожина іскерлік әдептің маңыздылығына, басшылардың жеке үлгі көрсетуіне, мемлекеттік қызметшілер тарапынан кемсітушілікке жол бермеуге, діни көзқарастарды мәжбүрлеп таңуға және құмар ойын орындарына барудың жол берілмейтініне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Б. Кенчимбаев Әдеп кодексінің негізгі талаптарын түсіндіріп, этикалық нормаларды сақтау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениетін арттыруға, тәртіп пен кәсібилікті нығайтуға ықпал етеді.