
Іс-шараға:
— ШҚО прокуратурасының прокуроры,
— Экономикалық тергеу департаментінің өкілі,
— ШҚО бойынша ESBOL QORY фронт-офисінің басшысы,
— ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілі қатысып, жастармен ашық форматта пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты —
жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру,
заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін арттыру,
құқық бұзушылықтың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын күнделікті өмірде ұстанудың маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Ашық диалог форматында өткен кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен серпін берді.