
ШҚО әкімі облыстық пленумда ардагерлермен кездесті
🔸Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен Ардагерлер кеңесінің облыстық пленумы өтті. Соның барысында Нұрымбет Сақтағанов ардагерлер мен аға буын өкілдерінің аймақ үшін берік тірек екенін атап өтіп, облыс жетістіктері олардың адал еңбегі мен жоғары жауапкершілігінің нәтижесі екенін жеткізді.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда 140 мыңнан астам зейнеткер тұрады және 13 ардагерлер ұйымы жұмыс істейді.
Олар қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып отыр. Ардагерлерді қолдау және аға буынға қамқорлық көрсету өңір билігі үшін әркез басым бағыт болып қала бермек.