ШҚО-да ішкі саясат мәселелері бойынша идеологиялық кеңестің отырысы өтті

ШҚО-да ішкі саясат мәселелері бойынша идеологиялық кеңестің отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен ішкі саясат мәселелері бойынша идеологиялық кеңестің отырысы өтті.

Отырысқа аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Қатысушылар идеологиялық жұмыс саласындағы өзекті мәселелерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, ақпараттық саясатты, сондай-ақ Республика күніне дайындық барысын талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және жергілікті деңгейде идеологиялық және ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.