Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8
Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек
«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.
Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.
Форумның мақсаты:
Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.
Форумның міндеттері:
Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.
Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.
Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.
Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.
«Altai Invest-2025»
Халықаралық инвестициялық форумының
БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,
Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8
2025 жылғы 26 қыркүйек
|
|
08.00-09.00 |
Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат. |
09.00-09.45 |
Салтанатты ашылу. 3-қабат. |
09:45 – 11:00 |
Пленарлық отырыс. 3-қабат. Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» |
|
Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары |
|
Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» |
|
Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» |
|
Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары |
11:00 – 11:15 |
Кофе-брейк. |
11:15 – 12:30 |
№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат. Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» |
|
Пікірталас қатысушылары: -«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович -«AITAS» компаниясының өкілі -«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы -«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы -«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы - ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі |
14.00 – 14.10 |
2023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі. |
14.10-14.25 |
Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат. |
14:30 – 15:15 |
№ 2 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» |
|
Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары |
|
Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары |
|
Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері |
|
Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар» |
15:15 – 15:30 |
Кофе – брейк. |
15:30 – 16:45
|
№ 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері
Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі
|
|
Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. |
|
Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. |
|
ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. |
|
Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі. |
15:30 – 16:45 |
№ 4 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары |
|
Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. |
|
Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. |
|
Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. |
|
Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер. |
15:30 – 16:45 |
B2B кездесулер. 3-қабат. |
17:00 – 17:15 |
Қорытынды сөз. Форум нәтижелері. |
Форумның демеушілері
Медиа серіктестіктер