НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! Ішкі саясат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журналистиканы дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін» атты жылсайынғы сыйлығына конкурс жариялайды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! Ішкі саясат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журналистиканы дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін» атты жылсайынғы сыйлығына конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығы туралы Ережеге сәйкес, 2025 жылғы маусымның 20-на дейінгі аралықта конкурсқа материалдар қабылданады.

Сыйлықтан үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. 2025 жылғы 1 қантардан 20 маусымға дейінгі аралықта жарық көрген (эфирге шыққан) материалдарын.
  2. Конкурска қатысушылар есімі, әкесінің есімі, тегі, БАҚ атауы, нөмірі және уақыты көрсетілген материалдарының көшірмелерін папкаға тігіп ұсынады. Сондай-ақ ұсынылған жарияланымдарының тізімін қоса тапсыру қажет.
  3. Бейнематериалдарын VHS, DVD форматтарында, қатысушының аты жөнін көрсетіп ұсынады. Сондай-ақ, атауы, ұзақтығы, қысқаша мазмұны, эфирге шыққан уақыты, телеарнасы көрсетілген бейне материалдар тізбесі қосымша тапсырылады.
  4. Барлық үміткерлер міндетті түрде өмірбаянын, жеке бас куәлігінің көшірмесін, егер оны БАҚ редакциясы ұсынған болса редакция тарапынан жасалған ұсынысты, мінездемені тапсырады.

5.Материалдар облыстық Ішкі саясат басқармасына тапсырылады.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40, № 237 а бөлме. Анықтама телефоны         8 (7232) 71-32-48.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты Ішкі саясат басқармасының сайтынан таныса алады.