13-14 маусым күндері Катонқарағай ауданында «АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ.

13-14 маусым күндері Катонқарағай ауданында «АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ»  АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ.

13-14 маусым күндері Катонқарағай ауданында «АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ.
13 маусым
11:00 – Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығына арналған ғылыми конференция. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, Мәдениет үйі.

17:00 – «Төр Алтай Қалиханын және Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалі. Өтетін орны: Топқайың ауылының өр жағы, Алтай тауының баурайы.

Поэзия кешіне республикамыздың және облысымыздың келесі қаламгерлері қатысады: Телманов Дәулет, Қалқаман Сарин, Әскерхан Ақтай, Ерлан Жүніс, Бақытжан Райыс. Бауыржан Игілік, Естай Жаңабай, Олжас Керейхан, Оразай Жеңісұлы, Мерей Қарт, Қызырбек Дүргінбайұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Құмар Зиятхан, Мұратқан Кенжехан, Дана Исағұлқызы.

ШҚО шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары: «Алтай» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Барқытбел» этно ансамблі. Вокалдық топтар: «An.Sal.Dar», «Назқоңыр», «Дарабоз», Нұргүл Қабдоллаева, Халық Хамит, Бабаханова Жаухаз.

14 маусым
11:00–16:00 – «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық ақындар айтысы.
Өтетін орны: Катонқарағай ауылы.

19:00–22:00 – «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі. ГАЛА-КОНЦЕРТ.
Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, Ипподром.

«Алтайым – алтын бесігім» атты халықаралық ақындар айтысының жүргізушісі - ақын, профессор, Қазақастан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақастан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай.
Әділқазылар алқасының төрағасы, Айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарама төрағасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» - Жүрсін Ерман.
Әділқазылар алқасының мүшелері: ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, «Айтыстың ақтаңгері» атағының иегері - Серік Қусанбаев; филология ғылымдарының докторы, профессор - Бауыржан Ердембеков; айтыскер, ақын. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты - Дәулеткерей Кәпұлы; ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері - Бекарыс Шойбеков; ақын – импровизатор, «Халықаралық ақындар мен жыршы-термешілер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Ахметжан Өзбеков; айтыс сарапшысы - Өміржан Көпбосын.

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалінде әйгілі «Музарт» тобы: Қобыланды Болат КОБА; Құралай Мейрамбек; «Абырой» тобы; «Тұран» тобы және Әмре тағы да басқа отандық жұлдыздар өнер көрсетеді.

11 елден шақырылған әртістер: Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан, Саха Республикасы және басқа да түркі елдерінен шақырылған әртістер қатысады.

Ашылу рәсімінің шарықтау шегі – Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне - Штандарттың символикалық ұсынылуы болады. Бұл жәдігер түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихи бірлігін және мәдени байланыстарын бейнелейді.