
«Шығыс Қазақстан облысы. Талдау мектебі» жобасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылады және өңірдің тұрақты дамуы үшін шешімдер әзірлеуге бағытталған.
Талдау мектебі өңірді дамытуға арналған қолданбалы шешімдер әзірлей алатын сарапшыларды даярлау платформасы ретінде құрылуда. Ол экономика, экология, аумақтық даму, мәдениет және басқару салаларын біртұтас жүйеге біріктіреді.
Мектеп жұмысының нәтижесінде мемлекеттік және өңірлік саясатты әзірлеуде қолдануға болатын талдамалық баяндамалар мен ұсынымдар қалыптастырылады.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жобаның мақсаты - өнеркәсіпті жаңғырту және қалалық пен ауылдық аумақтардың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттерді шешуге бағытталған талдамалық зерттеулер мен стратегиялық ұсынымдарды әзірлеуге арналған алаң қалыптастыру.
Мектеп тақырыбы: «Өңірдің тұрақты дамуы».
Бағыттар:
Қала мен ауылдық, шалғай және шекаралық аумақтар арасындағы кеңістіктік теңсіздіктерді талдау. Инфрақұрылым, жергілікті экономика және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру арқылы теңгерімді дамуды қамтамасыз ету тетіктерін зерттеу.
Өңірдің индустриялық мамандануын сақтай отырып, заманауи экологиялық стандарттарды енгізу арасындағы теңгерімді табу. Экологиялық факторлардың өмір сапасына әсерін бағалау және шығарындыларды азайту жолдарын әзірлеу. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Білім беру, денсаулық сақтау, қалалық орта және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін дамыту арқылы халықты ұстап қалу және тарту.
Креативті индустриялар мен қоғамдық кеңістіктердің өңірді дамытудағы рөлін талдау. Туристік әлеуетті бағалау және тұрақты туризмді дамыту. Өңірдің мәдени және туристік стратегиясын әзірлеу.
Жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, ғылым мен өндірісті интеграциялау, жаңа экономикалық кластерлер қалыптастыру, шикізаттық тәуелділікті төмендету және инновацияларды коммерцияландыруды ынталандыру.
Барлық халық топтары үшін инфрақұрылымға, білімге, мәдениетке және қоғамдық кеңістіктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Кедергісіз орта қалыптастыру.
Курс аясында қатысушылар деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін меңгеріп, талдамалық материалдарды дайындау тәсілдерін жетілдіреді.
Мектептің лекторлары мен тренерлері ретінде белгілі мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері және жетекші қазақстандық, өңірлік сарапшылар қатысады.
Әр бағыт бойынша тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен қатысушылардан құралған командалар қалыптастырылады.
Мақсатты аудитория:
Жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар және талдау, стратегиялық ойлау бағытында дамуға қызығушылық танытатын жас мамандар
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Қатысушыларды не күтеді?
Қатысушылар саны: барлығы 60 қатысушы іріктеледі
Іріктеу кезеңдері:
Өтінім қабылдау: 2026 жылғы 25 сәуір - 10 мамыр
Оқу мерзімі:
2026 жылғы 23 мамыр - 27 маусым (6 апта)
Форматы:
күндізгі (офлайн), сенбі күндері өтеді.
Келесі құжаттарды тіркеу қажет:
Өтінім беру:
https://forms.gle/h3Xar8jsuK9Me6cj8
Өз әлеуетіңді жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына үлес қос!
«ШҚО. Талдау мектебі» жобасының қатысушысы атан!