
Самар ауданының әкімдігінде аудан әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов жиналыс өткізді. Жиында аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімінің басшысы Алма Жаламанова 2024 жылдың және 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындысын мәлім етті. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Гүлжан Хамитова 2024 жылдың және 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындысымен, облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау барысымен бөлісті. Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы баяндады.