
2025 жылдың 14 мамырында Самар ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.
Аудан тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Самар аудандық жедел штабы.