"Таза Қазақстан" ұлттық жобасы аясында ағаштар отырғызылды

"Таза Қазақстан" ұлттық жобасы аясында ағаштар отырғызылды

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің маңында ағаш отырғызылды.
Іс-шараға Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов қатысып, «Таза Қазақстан» акциясының маңызына тоқталып өтті.
Оқушылармен қатар аудан басшысы Серік Жеңісов, аудан прокуроры Айдос Тұрсынов, білім бөлімінің басшысы Руслана Закарьянова, Самар ауылдық округінің әкімі Марат Дюсупов, аудандық мәслихат депутаты Гүлнар Шаймарданова да көшет отырғызып, өз үлестерін қосты.
Игі шара барысында оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды.