Бүгін Самар ауданының Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен алаңда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 2012-2013 жылы туған ұлдар арасында футболдан аудандық ашық турнир өтті.
Жарыстың салтанатты ашылуына Самар ауданы спорт бөлімінің басшысы Асқар Төлеубайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы Руслана Қуатқызы мен Ербол Лазарович те ізгі тілектерін білдіріп, қатысушыларға рух берді.
Бұл турнир – тек спорттық бәсеке ғана емес, ел үшін ерлікпен жан қиған батырларға деген құрметтің белгісі болды. Жасөспірімдер алаңда жеңіс үшін бар күштерін салып, ұйымшылдық пен шеберлікті паш етті.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысында үздік командалар марапатталып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Жарыс спортшышарға патриоттық тәрбие беріп, спортқа деген қызығушылықты арттыра түсті.