
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды» деген еді.
Осы орайда Самар ауылының жергілікті тұрғындары Шуақты және Раисов көшелерінде сенбілік өткізуді ұйғарды. Олар көше бойын тазалап, қоқыс жинады. Осылайша, табиғаттың гүлденуіне өз үлесін қосты.