Волейболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы бірінші орынға ие болды

Волейболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы бірінші орынға ие болды

Самар ауданы Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Күршім ауданында өткен волейболдан облыстық чемпионатында бірінші орынды қанжығалады. Спорттық жарыс 2012-2014 жылы туған кыздар арасында өтті.  Ауданымыздың намысын қорғап, додада топ жарған спортшыларымызды аудан әкімі Нұрлан Мұхтарұлы арнайы құттықтап, алғысын білдірді. Команда бапкері Поляков Геннадий Анатольевич.