ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Бастаушы және Мариногорка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.

Аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының әкімдерді сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Бастаушы сайлау округі

Бастаушы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

 

        Бастаушы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 675 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 673 сайлаушы дауыс берді.

Бастаушы ауылдық округінің әкімі болып Кеңесбеков Арман Болатбекұлы сайланды, 1984 жылы туған, "Самар" ШЖҚ КМК басшысының орынбасары, Бастаушы ауылында тұрады, "АМАNАТ" саяси партиясы ұсынылған.

Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 – бабына сәйкес 2022 жылғы 19 желтоқсандағы шешіммен 2022 жылғы 18 желтоқсанда сайланған Самар ауданы Бастаушы ауылдық округінің әкімі болып Арман Болатбекұлы Кенесбековті тіркеді.

 

Мариногорка сайлау округі

Мариногорка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

 

         Магнитогорка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 496 азамат енгізілді, олардың 411-і дауыс берді.

         Мариногорка ауылдық округінің әкімі болып Рахат Маратұлы Жақыпов сайланды, 1989 жылы туған, "Семей орманы "мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ Тау-Дала филиалының мемлекеттік орман инспекторы-шебері, Үлкен Бөкен ауылында тұрады, "AMANAT" саяси партиясы ұсынылған.

         Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 – бабына сәйкес 2022 жылғы 19 желтоқсандағы шешіммен 2022 жылғы 18 желтоқсанда сайланған Самар ауданы Мариногорка ауылдық округінің әкімі Рахат Маратұлы Жақыповты тіркеді.

                                                       

 

Самар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы