
Бүгін Самар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжүменов көпбалалы аналарға «Күміс алқа» алқасын табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Самар ауданының тұрғындары Абдрахманова Назерке Мұратқызы, Кирешхан Балдырған және Мухамадиева Шынар Берікболқызы «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Салтанатты рәсім барысында Мұрат Байжүменов аналарды жоғары марапаттарымен құттықтап, олардың бала тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ отбасыларына амандық, дендеріне саулық, бақ-береке тіледі.
«Күміс алқа» алқасы – көпбалалы аналардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.