Құрметті Самар ауданының жұмыс берушілері, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің басшылары!

Құрметті Самар ауданының жұмыс берушілері, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің басшылары!

Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсының өтетіндігі туралы хабарлайды.

         Конкурс келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі:

  1. «Үздік еңбек династиясы»
  2. «Үздік жас өндіріс қызметкері»
  3. «Үздік жұмыс істейтін жастардың тәлімгері»

«Үздік еңбек династиясы» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып, осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жұмыскерлер тобын, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіруге тиіс.

«Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 

Конкурс туралы толық ақпаратты «Самар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Мекен-жайы: Самар ауданы, Горохов көшесі 56.

Электрондық мекен-жайы ozsp.samar@akimvko.gov.kz,

Телефон: 8 (747) 830 46 12.