Конкурс жариялау туралы

Конкурс жариялау туралы

«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыру үшін әлеуетті мердігер ұйымдарды іріктеу бойынша конкурс басталғанын хабарлайды.

📅 Конкурс өткізу мерзімі:
2026 жылғы 16 сәуірден 22 сәуірге дейін.

🔹 Конкурсқа келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін мердігер ұйымдар шақырылады:
* құрылыс саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
* құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізу мүмкіндігі;
* құрылыс жұмыстарын сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауға кепілдік беру;
* қажетті кадрлық, материалдық-техникалық және өндірістік ресурстардың болуы.

📩 Өтінімдер мен сұрақтар жолдауға арналған электрондық пошта:
otdelzhkhrayonasamar@mail.ru