
Самар ауданының футболшылар командасы әуесқой командалар арасында өткен «ВКЛФ Үшінші лигасы» бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының футзалдан ХІХ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Турнирге өңірдің ең мықты командалары қатысты.
Ойыншылардың айтуынша, мұндай жетістік аудан тарихында алғаш рет тіркеліп отыр. Команда турнир бойы сенімді ойын көрсетіп, лайықты түрде бірінші орынды иеленді.
Чемпионат қорытындысы бойынша команда мүшелері медальдармен, грамоталармен және кубокпен марапатталды.
Спортшыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілейміз!