Облыстық коалициялық штаб мүшелері Самар ауданында референдум мәселелері бойынша кездесу өткізді

Облыстық коалициялық штаб мүшелері Самар ауданында референдум мәселелері бойынша кездесу өткізді

Самар ауданының Самар ауылында республикалық референдум аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындармен кездесу өтті. Жаңа жобаға қатысты негізгі бағыттарды жан-жақты түсіндіру мақсатында ауданға Облыстық коалициялық штаб арнайы келді.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нуркенов, сондай-ақ спикерлер Ануарбек Мухтарханов пен Алия Мукашева қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға елдің Ата заңына енгізілетін өзгерістердің мәні кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, өкілді органдардың рөлін күшейту, қоғамдық қатысуды арттыру тетіктері, Ұлттық құрылтайдың мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалог алаңы ретіндегі мәртебесі туралы айтылды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және мемлекеттік органдардың халық алдындағы міндетін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жоба бойынша нақты жауаптар алды.