Аудан әкімі аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов профилактикалық әңгіме жүргізді

Аудан әкімі аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов профилактикалық әңгіме жүргізді

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов Аққала ауылдық округінің әкімі мен мемлекеттік қызметшілерімен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында этикалық нормаларды сақтау, еңбек тәртібін қатаң ұстану, сондай-ақ қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
«Барлық қызметтерді тек заң шеңберінде көрсету керек, заңға қарсы ешқандай әрекет жасалмауы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін сақтау және еңбек тәртібін ұстану — басты ереже, оны әрқашан есте ұстау қажет», — деді әдеп жөніндегі уәкіл.