Самар ауданында ардагерлерге Жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді

Самар ауданында ардагерлерге Жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді

Самар ауданында ардагерлерге Жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді. Бұл талқылау Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Самар аудандық филиалының екінші есепті-сайлау конференциясы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар Конституция жобасында енгізілетін өзгерістердің тұрғындардың өміріне қалай әсер ететінін, сондай-ақ референдумға қатысу маңыздылығын талқылады.
Алдағы референдум азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітуге, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге және азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын арттыруға бағытталған. Конституцияның жаңа жобасы әлеуметтік кепілдіктерді нығайтады, билік жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді және ардагерлердің мүдделерін қорғайды.
Сонымен қатар, тұрғындардың қатысуының маңыздылығы және халық өкілді орган ретінде құрылтайдың рөлі ерекше атап өтілді.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияны дәл қазір қабылдауды дана шешім қабылдады. Себебі республика жаңа даму кезеңіне қадам басып отыр, ал жаңартылған Конституция елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік кепілдіктер мен азаматтардың құқықтарын нығайтуға мүмкіндік береді. Әр азамат ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсініп, саналы түрде дауыс беруге қатысуы маңызды», — деді Самар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Садыков Айдархан Фазылғаламұлы.