Мариногорка ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Самар ауданы Мариногорка ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 447, дауыс беруге қатысқаны – 381 (85,23%).
Сайлау қорытындысында Жасұлан Бауржанұлы Ережепов – 308 (82,79%), Асем Ақылбекқызы Арстангалиева – 28 (7,53%), Мағжан Бауржанұлы Жадрин – 23 (6,18%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 13.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1987 жылы туған, «Самар ауданы Самар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімнің орынбасары Жасұлан Бауржанұлы Ережепов – Мариногорка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Самар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы