"Жас сайлаушылар клубының" табысты бастамасы

"Жас сайлаушылар клубының" табысты бастамасы

Самар ауданында жаңадан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» аз ғана уақыттың ішінде өзінің белсенді әрі жүйелі жұмысымен көпшіліктің назарын аудара білді. Үш ай көлемінде клуб мүшелері тарапынан жастарға бағытталған бірқатар мазмұнды да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, клубтың бастамасымен жиналыстар өткізіліп, онда жастардың азаматтық белсенділігі, сайлау мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында квест ойыны ұйымдастырылып, ол жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың ерекше белсенділігін көрсетті. Квест барысында жастар командалық жұмысқа, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға баулынды.

Өткізілген барлық іс-шаралар жүйелі түрде, жақсы ұйымдастырылған форматта өтіп, қатысушы жастардың қызығушылығы мен белсенділігі айқын байқалды. Мұндай игі бастамалар жастардың бірлігін нығайтып, бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлін сезінуіне зор ықпал етеді.

Алдағы уақытта да «Жас сайлаушылар клубы» өз жұмысын табысты жалғастырып, жастарға бағытталған жаңа жобалар мен шығармашылық жетістіктерге жете беретініне сенім мол.