Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов «БЭСК» АҚ-ның желілік учаскесінің ұжымымен кездесіп, қызметкерлерді кәсіби мерекелері — Энергетиктер күнімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы энергетик мамандарға адал еңбектері мен аумақтың тұрақты дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Ең үздік қызметкерлерге Самар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны және энергетикалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткені үшін құрмет грамоталары табысталды.
Өз сөзінде аудан әкімі энергетиктердің еңбегі кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуінің негізі екенін, сондай-ақ тұрғындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттырудағы маңызды фактор болып саналатынын атап өтті. Сала мамандарының кәсібилігі мен жауапкершілігіне энергиямен қамтудың сенімділігі мен ауданның алдағы дамуы тікелей байланысты екенін жеткізді.