
2025 жылғы 19 желтоқсанда Самар ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампейсов мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған ТҮКШ бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Рауан Жампейсов қызметтік әдеп талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді еске салды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қатысты шектеулер мен мүлікті сенімгерлік басқаруға беру міндеттемелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.